Рус

Ішкі коммуникация

Бас директор Д.Хасанов кәсіподақ төрағаларымен кездесті

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Өзенмұнайгаз» АҚ басқарма мүшелері, департамент директорлары және «Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ комитетінің төралқа мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Компаниядағы өндірістік, әлеуметтік, кадр мәселелері бойынша сұрақтар талқыланды, пікір алмасты.

«Компания басшылығы кәсіподақ комитетімен баршамызға ортақ мәселелерді бірге талқылауға, бір мақсатқа жұмылып жұмыс істеуге мүдделі. Біз қашанда қолымыздан келгенше ағымдағы проблемаларды шешуге ынталымыз. Сондықтан,  кәсіподақ өкілдерімен кездесіп отыруды дағдыға айналдырып, айына бір бас қосып отыру қажет деп білемін» деді кездесу барысында Бас директор Д.Хасанов.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы