Рус

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

20 тамыз, 2021

Елдегі эпидемиологиялық ахуал әліде толастай қойған жоқ. Қазақстан бойынша өткен тәулікте 7 337 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тесті арқылы анықталды. «Қызыл» аймақтағы Маңғыстау облысында өткен тәулікте 216 адам қауіпті індетті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Жалпы еліміз бойынша ауырғандар саны 715 716 адамға жетті. Қазіргі таңда, Жаңаөзен қаласы бойынша 151 адам қауіпті дертпен ауруханада емделуде. Атап айтқанда 51 адам ковид, 100 адам пневмониямен. 13-науқастың жағдайы ауыр, аса ауыр жағдай тіркелген жоқ.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша қазіргі таңда 182 мұнайшы коронавирустық инфекциясын жұқтырып, емделіп жазылып шықты. 41адам үй бақылауына оқшауланып, 2 әріптесіміз ауруханада ем алуда. Пневмония диагнозымен ауырған 61 адам жазылып шығып, 20 науқас үй бақылауына шығарылды. 4-еуі ауруханада емделуде. Өкінішке орай, пневмониямен ауырған 3 әріптесіміз өмірден озды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша ковидке қарсы вакцинаның 1-компонентін 1171 адам, 2-компонентін 743 адам алып отыр. Сақтық шараларын сақтап, өз өмірімізге және жақындарымыздың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы