Рус

Жаңалықтар

Қайырымдының қазаны ортаймайды

22 қараша, 2021

Қазақта «жақсының жақсылығын айт-нұры тассын» деген жақсы сөз бар... 

Қайырымдылық-қадірлі іс екенін жақсы түсінетін «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол» акциясына қатысып, 30 миллион теңгеге әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына мектеп формасы мен сабаққа қажетті оқу құрал-жабдықтарын алып берді.

Аталмыш ұйым алдағы уақытта да мейірім шапағатын төгіп, қайырымдылық шараларға белсенді атсалысатын болады.

Тоқтаусыз тіршіліктің көшінде қоңырқай күй кешкен жандарға бір сәт болса да жылулық сыйлап, жанын жадыратар бақытты сәттермен қуантуға тырысқан жігіттерге Алланың нұры жаусын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы