Рус

Жаңалықтар

Мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының жаңа өндірістік базасы ашылды

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында Мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының өндірістік базасының құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Өндірістік нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов қатысты. «Елбасымыз күні кеше Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің әлемдегі озық 30 елдің қатарына енуі үшін маңызды салалардың бәріне жаппай озық технологияларды енгізу қажет екендігін айтқан болатын. Өзенмұнайгаздықтардың Жаңа жылды жаңа технологиялармен жабдықтармен жаңа нысанмен бастағаны - мұнайшылардың Елбасымызды сөзімен ғана емес ісімен де қолдағаны деп түсінгеніміз жөн» - деді облыс әкімі.

Салтанатты жиынға қонақ ретінде шақырылған мұнай саласында өз қолтаңбасын қалдырған ардагер-мұнайшы Болатбай Қарамұрзаев құттықтау сөз сөйлеп, өздері жұмыс жасаған кезең мен қазіргі жағдайдың айырмашылығының жер мен көктей екендігін тілге тиек етті.

Нысанның символикалық кілтін мердігер «SM TRADE CONSTRUCTION» ЖШС бас директоры Алексей Докучаев МӨҚжТКЖБ директоры Нұрлан Көшкінбаевқа салтанатты түрде тапсырды. Жаңа нысанның лентасын «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов пен ардагер-мұнайшы Болатбай Қарамұрзаев қиды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы