Рус

Жаңалықтар

Жігіттің сұлтаны анықталды

«Мұнайшы» мәдениет сарайында «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті. Сайысқа компания аппарат басқармасы, №3 Мұнай газ өндіру басқармасы, №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасы, "KMG EP -Cаtering", «ӨМС», «ОргСнаб-НП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сайысқа қатысқан жігіттер өнерімен, білімімен, күшімен жарысып, бақ сынасты. Сайысты бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары, әділқазылар төрағасы Мақсат Ибағаров ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. «Сәлем-сөздің анасы» демекші, алғашқы тур «Сәлемдесу» деп аталды. Жігіттер өздерінің кім екенін, қайдан екенін, қайда бара жатқанын айтып, көрермендерге қара сөзбен, өлеңдетіп өздерін таныстырып жатты.

Өнер сайысында Қанат Ақбаев домбырамен күй тартты, Ерлан Тағаев пантомима ұсынып бүкіл әлем сүйсініп көретін Чарли Чаплиннің образын сомдап, көрермендерді таңқалдырды. №3 МГӨБ жұмыскері Берік Қорғанбаевтың сомдаған мүгедек баланың образы, оның жан-дүниесіндегі толғанысы мен тебіренісі тасбауыр қоғамға айтылған лағынет іспеттес. «ӨМС» ЖШС қызметкері Дәулет Нөкеров Сирияға кетіп сергелдеңге түскен бауырымыздың өмірін ойнады. Жалпы қатысушылар «сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырларды» көрсетті. Мүмкін олар, көрерменге ой салуды көздеген болар...алайда өмірдің тек драмадан тұрмайтынынын ескерсек, қатысушылар жанр таңдауда біржақтылыққа ұрынған іспетті.

3 турда жігіттердің логикалық ойлау қарымы сынға түсті. Сайыста әннен, әзілден шашу шашылды. Сайысқа бір жылдары «Жігіт сұлтаны» сайысының жеңімпазы болған, бұл күнде ел тізгінін ұстап жүрген ел азаматтары Бектұрбай Қиялбаев пен Бауыржан Мәмбетсапаев қатысты. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» бас жүлдені Берік Қорғанбаев (№3 МГӨБ), І орынға Серікбай Балтабаев(«ОргСнаб-НП» ЖШС), ІІ орынға Дәулет Нөкеров («ӨМС» ЖШС), ІІІ орынға Ерлан Тағаев (аппарат басқармасы) ие болды. Жеңімпаздар диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы