Рус

Жаңалықтар

Зейнеткерлерге құрмет көрсетілді

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы басшылығы бүкіл саналы ғұмырын компанияның дамуына арнаған 250 ардагер-мұнайшыға мерекелік дастархан жайып, сый-сияпат көрсетті.

Құрмет демалысына шығып бара жатқан 14 зейнеткерге бас директордың алғыс хаты және бағалы сыйлық тапсырылды.

Салтанатты басқосуда бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Наурыз Сақтағанов сөз сөйлеп, аға буын өкілдерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, шексіз алғысын жеткізді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы