«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен маңғыстаулық ақын Сабыр Адаймен кездесу өткізді. Ұлы ақынға компания бас директоры Бекзат Абайылданов еңбек ұжымы атынан шексіз алғысын білдірді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында өткен кездесу кешінде мұнайшылар Сабыр Адайдың өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған термелерді орындады.
Кеш соңында қонаққа бас директор Б.Абайылданов компания атынан зерлі шапан жауып, риашылығын білдірді.