Рус

Жаңалықтар

Экологтар марапатталды

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының мәжіліс залында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орай салтанатты жиналыс өткізілді.

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Есен Өтеев пен бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров кәсіби мереке иелерін төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Сіздер өздеріңіздің тынымсыз еңбегіңізбен, маңдай теріңізбен Өзен кенорнының гүлденуіне сүбелі үлес қосып келесіңіз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздерге және отбасыңызға бақыт, құт-береке, ырыс-дәулет, ұзақ ғұмыр тілеймін»-деді Есен Өтеев.

Қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік саланың бір топ мамандары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ  «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталды. Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы