Рус

Жаңалықтар

Қойылым көрермендерді тәнті етті

 «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ашыну мен дәрменсіздік» атты қуғын-сүргін жылдары құрбандарына арналған жергілікті өнерпаздардың қатысуымен ұсынылған театрландырылған қойылым көрермендерді тәнті етті.

Көрініс ұлт қайраткері Смағұл Садуақасовтың өмірінен сыр шертті, Алжирдегі ел ардақтылары жарларының тәлкекке түскен тағдыры көз алдымыздан көлбеп өтіп жатты...

«Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды»-деп жазды ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан. Ұлт тәуелсіздігі нақ осындай азаматтардың күнделікті әрі тегеурінді іс-әрекетінің жемісі. Олар сөзімен де, ісімен де, бүкіл болмысымен де ұрпақ есінде мәңгі қалады     .Басын бәйгеге тіккен біртуар Алаш арыстары кеше де аз болмаған, бүгін де аз емес. Ертеңде аз болмайды деп білем...

Алаш арыстарының тағдыры аянышты, қасіреті көкірегімізден ешқашан кетпейді. Бірақ олардың өмірінің үлгісі көркем, жарқын! 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы