Рус

Жаңалықтар

Отбасылық сайыс өтті

1-маусым балаларды қорғау күніне орай, 5-маусым күні қаламыздағы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен 35 жасқа дейінгі отбасылар қатысқан «Отан-отбасынан басталады» атты отбасылық-спорттық сайысы өтті.

Сайысқа спортқа бейімі бар белсенді 7 команда қатысып, бақ сынасты. Олар бірінші өздерін таныстырды. Мергендігін паш етті. Кімнің жылдам екендігін көрсетті. Ең соңында қапқа кіріп, секіріп, жүгіріп, өздерінің ептілігін байқатты.

Қазақ елінің айбынды әнұранымен басталған маңызды шарада бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай сөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

«Спорттық сайыс-адаммен тез тіл табысуға үйретеді,денені шынықтырады,қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады,баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды,ойдың жылдам өсуіне де көмектеседі. Мұндай сайыс отбасындағы татулық пен береке-бірлікті нығайтады. Отан ырасында да отбасынан басталады. Отбасы мықты болса, мемлекет те күшті, еңселі болмақ! Осындай керемет шара ұйымдастырып жатқан Жас мамандар кеңесіне басшылық атынан ерекше алғысымды білдіремін»-деді Мақсат Ибағаров.

Сайыс нәтижесінде, Қалбаевтар командасы І орынды, Жұмағазиевтер отбасы  «Бірлік» командасы ІІ орынды, Таласбаевтар отбасы «Барыс» командасы ІІІ орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға диплом, медаль мен бағалы сыйлықтар, өзге командаларға ынталандыру сыйлығы тапсырылды.

Елбасымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру саясатына қолдау көрсету мақсатында керемет шара өткізген Жас мамандар кеңесіне Алланың нұры жаусын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы