Рус

Жаңалықтар

Демеубаевтар-мұнайшылар әулеті

Мұнайлы қала болып саналатын Жаңаөзенде мұнайшылар әулеті баршылық. Соның бірі ел экономикасының күретамыры мұнай  саласында әулетімен жемісті еңбек етіп келе жатқан Демеубаевтар отбасы. Жазы аптап, қысы қытымыр Өзен кенорнында жеті қат жер астынан мұнай өндіру деген оңай дүние емес екендігі бесенеден белгілі жайт.

Әулеттің үлкені бүгінде марқұм болып кеткен Ұбайдулла Демеубаев Технологиялық транспорт басқармасында автобус жүргізушісі болып 21 жыл абыройлы қызмет атқарды. Ақсақалдың ұлдары Естай №3 МГӨБ қабат қысымын сақтау операторы болса,  Ертай осы басқармада мұнай-газ конденсатын өндіру шебері, немересі Сәрсенбек мұнай-газ өндіру операторы, келіні Талшын скважиналарды зерттеу инженер-технологы болып жемісті еңбек етіп жүр.  Өзен кенорнының дамуы жолында ерен еңбек етіп жүрген  Демеубаевтардың еңбек өтілі 143 жылды құрайды.

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров құт пен береке дарыған шаңыраққа бас сұғып, компания басшылығы атынан адал еңбекпен биікті бағындырып, көпке үлгі болған жандарға риясыз алғысын білдірді. 

«Өзендіктер үшін мұнайшылықтан асқан мәртебелі мамандық жоқ. Компания байлығы -сөзінен ісі мығым өздеріңіз сияқты еңбекқор жандар. Еңбекке сүйіспеншілік жоқ жерде жетістікке жету мүмкін емес. Сіздердің үлгілі еңбек жолдарыңыз жастарға үлгі-өнеге»-деді Мақсат Ибағаров.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы