Рус

Жаңалықтар

«Ақбөбектің» жазғы маусымы ашылды

«Кендірлі» жағалауында орналасқан «Ақбөбек» балалар лагері жазғы маусымы ашылды. Салтанатты жиынға «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылдановтың өзі қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Бас директордан соң құттықтау сөз кезегі компания кәсіподақ ұйымы төрағасы Наурыз Сақтағановқа берілді. «Баланың бір қызығы ойын деген»-деп Абай атамыз айтпақшы, бала каникулда демалу керек, ұйықтау керек, ойнау керек. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармағанымыз жөн»-деді бас директор.

Еліміздің айбынды әнұранымен ашылған шара, жайдарманшыларымыздың әзіліне ұласты. «Аузында әзілі жоқтың, қолында тоқпағы бар»-дейді қазақ. Шіркін, әзіл түсінгенге не жетсін!

Шара соңында бас директор бастаған бір топ азаматтар балалармен біріге отырып, шырша егті. Ел азаматтары жұмыла тал егу арқылы балалардың табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген мейірімін оятты. Егілген ағаштарды демалушы балалар күтімге алатын болды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы