Рус

Жаңалықтар

Компания Шолпан Серікбайқызына құрмет көрсетті

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы басшылығы бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары Шолпан Пангерееваның басқа жұмысқа ауысуына байланысты, салтанатты түрде шығарып салды.

«Отыз жылдан бері ұжым алдындағы парызға айрықша сергек және жауапкершілікпен қарап, әрбір ісіңізді тиянақты орындайтын әріптес ретінде Сізді қатты бағалаймыз. Біздің компанияның дамуы, өсіп-өркендеуі өзіңіз сияқты білімді де ақылды адамдарға тәуелді»-деді бас директор Бекзат Абайылданов.

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Есен Өтеев Шолпан Серікбайқызының Өзен кенорнына қосқан үлесі елеулі екендігіне тоқтала келе,  оның ер азаматтармен үзеңгілес жүріп геологиялық зерттеу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілуін қадағалап, ұңғылардан сынама алу, ай сайынғы есебін жүргізу жүмыстарын аса ыждаһаттылықпен жүргізіп келгендігін айтты. Аяулы жанға бас директор атынан адресат беріліп, зерлі бешпент кигізілді.

Иә, өз ісін мінсіз атқарып, шеберлік шыңына жеті білген Шолпан Серікбайқызы сияқты маман далада қалмайды. Өте сауатты, өз ісіне мығым, өндірістегі тәжірибесі мол маманға жаңа жұмыс орныңыз құтты болсын, әрдайым биіктерден көріне беріңіз, Өзен кенорнын ұмытып кетпеңіз деген тілек айтамыз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы