Рус

Жаңалықтар

№3 СҚКБ жүйелік модульдік жылу қазаны салынды

Бүгін №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында «Буран бойлер» ЖШС орнатқан жүйелік модульдік жылу қазандығының ашылу салтанаты өтті. Шараға бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен компания кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Бұл жүйелік модульдік қазандық инфра-күлгін сәуле таратқыштары арқылы ғимарат ішінде қызмет атқарып жүрген жұмысшылардың орналасқан жерін ғана жылытып, жұмысшыға жайлылық сыйлайды. Ғимарат ішіндегі ауа өзінің табиғи қалпын сақтай отырып, жұмысшылардың таза ауамен тыныстауына мүмкіндік ашады. Басқармаларыңызға енгізіліп жатқан жаңа технология өндіріс дамуына зор үлес қосады деген сенімдемін!»-деді Мақсат Ибағаров.

Мердігер «МАКС-КМ» ЖШС директоры  Мұрат Нұрбайқосов пен «Орда» ЖШС директоры Ерболат Сүлейменов №3 СҚКБ директоры Нұрбек Союновқа символикалық алауды салтанатты түрде табыстады. Нысан лентасын бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен ардагер-мұнайшы Нұржау Жұмағали қиды.

Нысан ашу салтанатынан соң, компания басшылары күрделі жөндеуден өткізілген механикаландырылған жөндеу цехын аралады. Компания кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов жұмыскерлерге спортпен айналысу үшін бильярд пен үстел теннисін алып беретіндігін айтып, уәде берді.

Басқармадағы аутсорсинг әдісімен жұмысқа орналасқан 30 қызметкерге жайлы тұрмыстық-шаруашылық кешен салып берген №3 СҚКБ басшылығына қалай риза болмайсың...Барлықты, молшылықты, әдемі де үйлесімді нәрсені жақсы көру-Құдайдан берілген қасиет!

Түйін: Басқарма директоры Нұрбек Союнов,  Әлеуметтік-әкімшілік қамту бөлімі бастығы Алмас Исаев пен осы бөлім инженері Дәмеш Өтекова, басқарма бағбаны Елеусін Еламановтарды жұмысын ыждағатты атқарады деу аз, жан-тәнімен беріле істейтіні көрініп-ақ тұр. Өйткені, еңбекке сүйіспеншілік жоқ жерде жетістікке жету мүмкін емес!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы