Рус

Жаңалықтар

«Үздік маман-2018» ІІ туры қызып жатыр

«Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты басқармаларының жұмысшы мамандықтарының арасында  өтіп жатқан «Үздік маман-2018» сайысының ІІ туры қызып жатыр.

Әрбір аталым бойынша байқауға қатысқан өзенмұнайгаздықтар өз мамандықтарының үздігінің үздігі болу үшін бар күшін салып бағуда.  Олар практикадан бөлек өндірістік, экологиялық қауіпсіздік, еңбек пен денсаулықты қорғау мәселелерін қамтыған теориялық сынақта 30 сұраққа жауап беруге міндетті.

Байқауға қатысушылар тәжірибені шыңдап, әріптестер арасында бәсекелес маман болуға мүмкіндік беретін байқау ұйымдастырып, жұмысшыларды ынталандырып отырған «ӨМГ» АҚ басшыларына шексіз алғыс білдіруде»-деді Персоналды басқару және дамыту департаментінің кадр жөніндегі маманы Райхан Сағынышқызы.

Ел экономикасының дамуы қай салада да кәсіби шыңдалған мамандармен жүзеге аспақ!                              

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы