Рус

Жаңалықтар

“Үздік маман-2018» байқауының ІІ кезеңі бойынша жеңімпаздары марапатталды

“Үздік маман-2018» байқауының ІІ кезеңі бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Оған «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Б.Абайылданов, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Сақтағанов, Аппарат жетекшісі Б.Мәмбетсапаевтар қатысты.

13 мамандық бойынша бақ сынап, компанияның  үздік танылған 45 маманы сый құрметке бөленді.

Жиында сөз алған «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Б.Абайылданов: «Компания қызметкерлерінің арасында жүзден жүйрек шығып тұрсыздар. Сіздер мекемеде білім-білігі толыққан, өз мамандықтарының шеберлері қызмет ететіндігін дәлелдедіңіздер. Жүлделеріңіз құтты болсын! Алда үлкен сынақ тұр. «Қазмұнайгаз»ҰК» АҚ-ға қарасты кәсіпорындар арасында бақ сынауға барасыздар. Сондықтан тыңғылықты дайындық керек. Тәжірибе жүзінде білетіндеріңізді теориямен толықтыруға күш салыңыздар. Сіздерге сәттілік тілейміз. Компанияның дәрежесін көтерулеріңізге тілектеспіз» - деді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Жаңаөзен қаласының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашса, «Өзенмұнайгаз» АҚ Жайдарман командасы әзілдерін арнады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы