Рус

Жаңалықтар

Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризм идеяларын» таратуға қарсы іс-қимыл бойынша діни сауаттылық арттыру мақсатында жиналыс өтті.

Оған компанияның өндірістік ғимаратта орналасқан департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Шарада сөз алған Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бексары Ізбасов пен Рахат ауылы мешітінің бас имамы Шахабуддин Маңғапбай  қазіргі таңда Қазақстан республикасының аумағындағы тыйым салынған экстремистік және террористік діни ұйымдар туралы айтты. Сондай-ақ Рахат ауылы мешітінің бас имамы Шахабуддин Маңғапбай: «Ислам» сөзінің өзі бейбітшілік деген мағынаны  білдіреді. «Дінде зорлық жоқ» деп құранда жазылған. Еліміздің заңдарының өзінде адамдарға сенім еркіндігі берілген. Соны пайдаланып қылмыс жасауға тыйым салынады,- деді. Сонымен бірге қалада атқарылып отырған діни сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Шара Жаңаөзен қаласында орналасқан мекемелер арасында жоспарлы өткізіліп отыр.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы