Рус

Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасының Үндеуі

Құрметті әріптестер!

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесі атынан Компанияның жақын арадағы жоспарлары туралы айтып өткім келеді.

Өздеріңізге белгілі болғандай, тамыздың 13-і күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ артықшылықты акцияларды қайта сатып алу туралы ұсынысын жариялады. Бұл ұсыныс акция ұстаушыларына Компанияның капиталынан тиімді нарықтық жағдайларында шығуға мүмкіндік береді. Қайта сатып алу бағдарламасына қатысу ерікті болып табылады. Алайда, біз өз тарапымыздан ұсыныстың әрекеті (бағдарлама мерзімі – 2018 жылдың 16 қарашасына дейін) аяқталғаннан кейін болуы ықтимал тәуекелдер туралы ескертуге міндеттіміз. Артықшылықты акцияларды қайта сатып алу жөнінде толық ақпаратты «Мұнайлы мекен» газетінің беттерінен, call-орталықтан, өңірлерде орналасқан трансфер-агент кеңселерінен, брокерлерден, сондай-ақ тікелей Компанияның өзінен білуге болады.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында оңтайландыру бағдарламасы шеңберінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ны қайта құру бойынша жоспарлар да қаралып жатыр. Нақты шешім әлі қабылданған жоқ, дегенмен барлық өзгерістер туралы дер кезінде хабарлайтын боламыз. Бұл өзгерістер «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорындарының операциялық қызметіне әсер етпейтінін де атап өтемін.

Құрметті әріптестер, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қалыптасу жылдары ішінде үлкен жолды өткерді. Бүгінде ҚМГ еліміздің барлық ірі мұнай-газ жобаларының операторы және серіктесі болып табылады. Бірінші кезекте «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бұл жетістіктердің барлығына мұнайшылардың еңбегі арқылы жетті. Компанияның түрлі салаларында 90 мыңға жуық адам еңбек етеді. Әрқайсыңыз – өз ісіңіздің кәсіби маманысыз. Сіздер Компанияның дамуына, жалпы Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына өз үлестеріңізді қосып отырсыздар.    

Бүгінде Компанияның алдында маңызды, ауқымды және күрделі мақсат-міндеттер тұр. Осы міндеттерді орындау үшін біз бірлесіп еңбек етейік. Қашанда осы ынтымақ-бірлігімізден ажырамайық. «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының бірігу процесі бізге одан әрі дамып, тұрақты әрі жоғары тиімді компания болуға көмектесетініне сенімдімін.

Сіздердің әрқайсыңызға адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, жанұяларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

 Дәурен Қарабаев,

 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

Директорлар кеңесінің Төрағасы

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы