Рус

Жаңалықтар

Жайдарман жаңаөзендіктерге жарқын күлкі сыйлады

05 қыркүйек, 2018

 "Мұнайшы" мәдениет үйінде 28 тамыз күні Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына орай "Елу жылда - ел жаңа" атты Республикалық жайдарман сайысы өтті. "Өзенмұнайгаз" АҚ демеушілігімен ұйымдастырылған шараға еліміздің ең жұлдызды деген 6 командасы қатысты. Атап айтар болсақ: "Байдың балдары" (Шымкент), "Фемида" (Ақтөбе), "Грант" (Орал), "Сағыз" Атырау, "Боранқұл", «Өзенмұнайгаз» (Маңғыстау).

Сайысты тамашалауға келген қала жұртшылығының көптігі соншалық, залда ине шаншыр орын болған жоқ. Жайдарман ойынының әділдігін анықтайтын қазылар алқасының құрамы да өте салмақты болды. Бокстан әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, айтыскер ақын Нұрлан Мұсаев, жайдарманшы Дәулет Сағынтаев, ардагер жайдарманшы Алқуат Насухаұлы және ағыз әділдікті ту еткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарованың отыруы қазылар алқасының беделін арттырды. Шара басында Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев қала халқын мерекемен құттықтап, жалынды жастарға сәттілік тіледі. "Ұлық болсаң, кішік бол" демекші, қала әкімі сайыс соңына дейін көрермендермен бірге болып жеңімпаз команданы өзі марапаттады. 2 сағаттан астам уақыт көрермендерге күлкі сыйлаған жайдарманшылар ойын соңында төмендегідей жүлделерге қол жеткізді:

  • "Фемида" - бас жүлде
  • "Сағыз" - 1 - орын 
  • "Өзенмұнайгаз" - 2 - орын
  • "Байдың балдары" - 2 - орын
  • "Грант" - 3 - орын
  • "Боранқұл" - 3 - орын  

Арғынбек Қалбаев

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы