Рус

Жаңалықтар

Мұнайшылар доп тепті

Өзен қаласының 50 жасқа толуына байланысты компания кәсіподағы үлкен футболдан турнир ұйымдастырды. Ойын Әмин Тұяқов атындағы стадионда өтті. Мерекенің ашылу салтанатында «Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов, Технологиялық транспорт басқармасы кәсіподақ төрағасы Жанболат Қыдырғалиев, №2 Мұнай-газ өндіру басқармасы директоры Мереке Құлбеков құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне сәттілік тіледі.

Адамдарды жасына, мамандығына, әлеуметтік деңгейіне қарай бөлмейтін қызықты ойынға мұнайшылар білекті сыбанып, белсенді қатысты.

Бірнеше күнге созылған футбол мұнайшыларды еліктірді, шабыттандырды, бойына жігер құйды. Кәсіподақ ұйымы компания жұмыскерлеріне алыста қалған балалық шаққа саяхат жасауға таптырмайтын мүмкіндік берді.

Жарыс болғасын жеңілетін мен жеңетін, ұтатын мен ұтылатын болады. І орынды №3 МГӨБ (200 мың теңге), ІІ орынды №2 МГӨБ (150 мың теңге), ІІІ орынды №1,2,5 СҚКБ, БЖБ Транспорттар құрамасы (100 мың теңге) алды. Өзге командаларға ынталандыру мақсатында 30 мың теңге берілді. Командаларға медальдар мен дипломдар тапсырылды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы