Рус

Жаңалықтар

«Жырлаймын сені Жаңаөзен» байқауы өтті

Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай №3 Мұнай-газ өндіру басқармасы әкімшілік-әлеуметтік қамту бөлімі (бастығы Шалқар Нұрлыбаева)  кәсіподақпен біріге отырып, цехаралық «Жырлаймын сені-Жаңаөзен» атты патриоттық әндер байқауын өткізді. Байқау әнұранмен ашылды. Әділқазылар алқасы құрамында «ӨМГ» АҚ Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов, Персоналды басқару және дамыту директоры Ермек Көптілеев, кәсіподақ заңгері мен маманы Назар Әбішаев пен Жанар Мананова болды.

Байқауға басқармаға қарасты 8 цех тас-түйін болып дайындалыпты. Өңкей «сен тұр, мен атайын» деген мұнайшы жігіттер мен қыздар ән айтып, 7 минуттық бейне таспасын ұсынды. №10 МГӨК бейнетаспасының креотивті дайындалғаны соншалық, көрермендерді күлкіге қарқ қылды.

«Болғанда атам қазақ, анам қазақ, мен неге қазақтықтан сақтанамын»,-деп Міржақып айтқандай, қазақ екенін әрдайым мақтан тұтатын №1,5 МГӨК жұмыскерлері Асқар Ноғай мен Қайрат Жолдасбаевтың шырқаған әндері көпшілік көңлінен шықты. Әуесқой ақын Рәмила Аманжолова «Жаңаөзен» атты өлеңін оқыды.

№3 МГӨБ директоры Ғабит Әбенов, кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев пен спорт әдіскері Шәріп Ақжігітов  өз ісінің мамандарына құттықтау мен сертификат, дүбірлі додаларда басқарма мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатып жүрген бір топ спортшыларға диплом және ақшалай сыйлық тапсырды.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы