Рус

Жаңалықтар

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі артықшылықты акцияларды қайта сатып алу мерзімін 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (одан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») акционерлерінен өтініш санының көптігіне байланысты ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің шешімімен артықшылықты акцияларды қайта сатып алу мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды. Бұрын қайта сатып алуды аяқтау мерзімі 2018 жылдың 16 қарашасына белгіленген болатын.

Есеп айырысулар 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін бұрынғыдай айына екі рет төмендегідей кестеге сәйкес жүргізілетін болады:

19.11.2018 – 29.11.2018 – арнаулы сауда-саттықта артықшылықты акцияларды сатуға клиенттік тапсырыстарды берудің жетінші кезеңі

30.11.2018 – есеп айырысудың жетінші күні

04.12.2018 – 20.12.2018 – арнаулы сауда-саттықта артықшылықты акцияларды сатуға клиенттік тапсырыстарды берудің сегізінші кезеңі

21.12.2018 – есеп айырысудың сегізінші күні

24.12.2018 – 10.01.2019 –  арнаулы сауда-саттықта артықшылықты акцияларды сатуға клиенттік тапсырыстарды берудің тоғызыншы кезеңі

11.01.2019 – есеп айырысудың тоғызыншы күні

14.01.2019 – 30.01.2019 – арнаулы сауда-саттықта артықшылықты акцияларды сатуға клиенттік тапсырыстарды берудің оныншы кезеңі

31.01.2019 – есеп айырысудың ақтық күні

Еске сала кетейік, Компания 13 тамызда өзінің еркін айналымда жүрген 1 905 209 акция көлеміндегі артықшылықты акцияларын бір акция үшін 12 800 теңге баға бойынша қайта сатып алатыны туралы хабарлады. Қазіргі уақытқа дейін Компания 948 958 дана артықшылықты акцияны жалпы сомасы 12 146 662 400 теңгеге сатып алды.

Барлық мәселелер бойынша «Қазпошта» АҚ бірыңғай хабарласу орталығына 1499 тегін номерімен хабарласу керек.

 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 90,42 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа, 9,58 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы