Рус

Жаңалықтар

Спорттың ел намысы екендігін жақсы түсінетін «Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов бастаған кәсіподақ ұйымы каратэ киокушинкай спортымен айналысып жүрген 14 жасөспірімге спорттық киімдер сыйлады

21 қараша, 2018

«Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымынан қамқорлық көрген  спортшылар 3-4 қарашада Астанада өткен әлемдік олимпиадаға қатысты. Нұрқожа Қуатаев 14-15 жастағы жасөспірімдер арасындағы 45 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Нұрқожаның жаттықтырушысы Алдаберген Дүйсекенов «Балаларға спорттық киім алып берген «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз. 26 мемлекеттен 900-ден астам спортшылар қатысқан дүбірлі додада қола медаль алуымыз үлкен жетістік! Спортпен айналысып, олимпиаданың биік шыңына көтерілген балаларға «бәрекелді!»-деу артық болмас!»-дейді.

«Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші, адамда ерік-жігер, жанкештілік болса, дүниеде кілті табылмайтын ештеңе жоқ!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы