Рус

Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Өзен кенорнына келді

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Өзен кенорнына келді. Ол ӨҚБ директорларымен, кәсіподақ төрағаларымен, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Өзен кенорнында болып, мұнайшылармен жүздесті.

Кездесуде компанияда әлеуметтік және өндірістік бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайы сөз болды.

«ӨМГ» АҚ 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олардың атқарып отырған жұмыстары ел экономикасы үшін аса маңызды. Ұлттық компания мұнай саласында еңбек етіп жатқан жұмысшылардың элеуметтік жағдайын, жас мамандар біліктілігін арттыру мәселесін ұдайы назарда ұстап отырады»-деді Алик Айдарбаев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы