Рус

Жаңалықтар

Мұнайшылар ән салды

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерйетой мерекесіне орай өнерпаз мұнайшылардың қатысуымен «Күміс көмей» ән байқауы өткізілді.

Тал шыбықтай бұралып билеген бишілермен және бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаровтың құттықтауымен шара шымылдығы түрілді

Байқау дәстүрлі ән және эстрада ән шырқаушылар болып екі топқа бөлінді. Дәстүрлі ән тобы Айдар Спанов (№1 МГӨБ), Доқтырбай Қомашев (№2 МГӨБ),Жанқожа Атаниязов (№3 МГӨБ), Алтынбек Нәдірбаев (№1 СҚКБ), Базарбай Айбергенов (№2 СҚКБ), Құралбай Күзенбаев (№3 СҚКБ) деген өнерпаздардан құралды. Ал әстрада әндерін шырқауға Жаңыл Қойшыбаева (АБ), Айдар Спанов (№1 МГӨБ), Нығмет Қалдыбаев (№2 МГӨБ), Нұрсұлтан Базарбайұлы (№3 МГӨБ), Батырбай Юсупов (№2 СҚКБ), Рашид Есенмұратов (МӨҚжТКЖБ), Қайрат Аманқосов (ХжЭБ), Бақытжан Чуганов (ТТБ),  Әйгерім Тарапиева (ӨТҚжЖЖБ), Нұрым Жансерік («Бұрғылау» ЖШС) сахнаға шығып, әсем ән шырқады.

Компания аппарат жетекшісі Бауыржан Мамбетсапаев бастаған қазылар алқасы өнерпаздар талантына тәнті болғандарын айтады. Әуезді саз әсем әнмен үйлесіп, «Мұнайшы» мәдениет сарайын мақпалдай жұмсақ әуенімен әлдиледі. Өнерпаздар табиғи дауыстарымен ән салып, домбырамен термелетті. Көрермендер Тастемір, Қайып, Сүгірдің, Жылкелдінің, Өскімбайдың, Бәкір Тәжібаевтің, Шәмшінің, Сейдолла Бәйтерековтердің жыр-термелері мен әндерін  тыңдап сарайы ашылып, рахаттанып қалды. 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы