Рус

Жаңалықтар

«Сен күлсең, әлем күледі»

Оқушылар шығармашылық үйінде Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Сәлемдесу», «Әріп әлеміне саяхат», «Үй тапсырмасы» атты 3 турдан тұратын Жайдарман ойнының «Сен күлсең-әлем күледі» атты тақырыпта финалы өтті.

Ойын жүргізушісі Арғынбек Қалбай шара шымылдығын ашып беру үшін сахнаға бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаровты шақырды

ұрметті әріптестер! 10 команда қатысып отырған күлкі мерекесіне қош келдіңіздер! Жайдарманшы жігіттер тек қала көлемінде емес, «Өзенмұнайгаз» құрама командасы болып Есен Елеукеннің Жоғарғы Лигасына  қатысып, компаниямыздың рейтингісін көтеріп жүр. Дәрігер-мамандар адам баласы шын күлген сәтте қан тамыры кеңейіп, жұмысы жақсара түсетінін айтады. Біле білсеңіз, күлкі-психологиялық қару! Көңілді жандар-компания көркі! Әдемі қалжың мен астарлы әзіл шеберлеріне сәттілік тілеймін. Ду қол шапалақтап, шараның соңына дейін қолпаштап отырайық!»-деді Мақсат Оңғарбайұлы.

Ойында командалар №1 МГӨБ +ХжЭБ, №2 МГӨБ + ӨЭМБ, №3 СҚКБ+ ТТБ , №3МГӨБ+№2 СҚКБ, МӨҚжТКЖБ+АжТБ болып жұптастырылды.

Экс-жайдарманшы Мақсат Оңайбаев, коммерциялық сұрақтар жөніндегі атқарушы директор Алмас Сәрсенбаев, Персоналды басқару және дамыту департаменті директоры Ермек Көптілеев, Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов, «Жаңаөзен» қалалық газетінің бас редакторы Гүлназ Бөлекбаевалар ойыншылардың өнерін тамашалап, қазылық жасады

Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебайға жастарды қоғамдық ортаға тартып, жастар саясатын қолдап, тұңғыш кәсіпорындар арасында жайдарман лигасын құрып, оның ілгерілеуіне атсалысқаны үшін «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі президенті Есен Елеукеннің Алғыс хаты табысталды.        

Мақсат Оңайбаев тіршіліктегі ірілі-ұсақты мәселелерді түйреген әзілкештерге алғысын білдіре отырып, кей кездері ұйықтап қалатын сәттердің болғанын айтты. Гүлназ Бөлекбаева мұнайшылардың тілдік қорының жұтаңдығына қынжылыс білдіре отырып, оларды көркем әдебиет оқуға шақырды...

Сонымен, бас жүлдені №2МГӨБ+ӨЭМБ, І орынды №3 МГӨБ+№2 СҚКБ, ІІ орынды МӨҚжТКЖМ+АжТБ, ІІІ орынды №3 СҚКБ+ХжЭБ командалары жеңіп алды. Ойынның «Үздік ойыншысы» болып Нұрсұлтан Нұрғалиев танылды.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы