Рус

Жаңалықтар

Қуаныш сыйлау-бақыт

«Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылардың 11 мың баласын қамтыған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізіп жатыр. Мерекеге облыстық Нұрмұқан Жантөрин атындағы драма театрының әртістері шақырылды. Аяз ата мен ақшақар ән айтып, би билеп, тақпақ айтқан балдырғандарға сыйлықтар үлестірді.

«Қамқорлық көрген бала мейірімді болып өсетінін жақсы түсінетін  компания басшылығы жылдағы дәстүр бойынша 300 қамкөңіл балаларға арнап қайырымдылық шыршасын өткізеді. Кішкентай балапандарға қуаныш сыйлау- біз үшін үлкен бақыт!»-дейді Әлеуметтік әкімшілік департаменті әлеуметтік бөлімінің бастығы Амандық Әбиев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы