Рус

Жаңалықтар

Бас директор энергетиктерді марапаттады

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жәнібек Қайырбекұлы 22-желтоқсан энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бір топ энергетиктерді құттықтап, марапаттады.

«Өзен кенорнының дамуы,өсіп-өркендеуі энергетика саласының қызметкерлерінің жұмысына тікелей байланысты. Қауіпті салада жемісті еңбек етіп, кенорынды жылумен, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қысы-жазы аянбай еңбек етіп жүрген энергетиктерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, шексіз алғысымды білдіремін»-деді бас директор.

Кенорынды айтпағанның өзінде 21 ғасырда өмір сүріп отырған адамзат бүгінде өз өмірін электр қуатынсыз елестете алмайды. Теледидар, телефон, компьютер, кір жуатын машина....өзге де толып жатқан тұрмыстық техникаларсыз өмірдің мәні де, сәні де болмайды.

Өмірімізге жайлылық сыйлап жүрген әріптестерімізді төл мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбастарына амандық, жұмыстарына табыс тілейміз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы