Рус

Жаңалықтар

Жас мамандар кеңесі жылды қорытындылады

«Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тұрмыс-тіршілігіне қара»-деген сөз бар. Құрылғанына 5 жыл болған ЖМК жиналыс өткізіп, 2017 жылды қорытындылады.

Жас мамандар «Жайдарман», «Ой-дода», «Жігіт сұлтаны», «Өзенмұнайгаз аруы», «Үздік рационализаторлық жобалар» т.б. байқауларды  өткізіп, компания жастарының ауызбіршілігінің нығайуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 толуына орай жас мамандар театрландырылған көріністер байқауы мен Маңғыстау облысы бойынша 8 команда қатысқан спартакиада ұйымдастырды.

Отпан таудың басында бірлік пен мейірім мерекесі Амал мерекесіне атсалысуда.Ұлыстың Ұлы күні Орынбор, Астрахань, Қорғанннан сауын айтып, қандастарды қонаққа шақырды. Мақсат: рухани байланыс пен бауырластықты нығайту.

«Болашақ жастарда» деген Сократтың сөзі әлі өзгерген емес. Адамды алға жетелейтін арман екенін сол ақсақал айтқан... Жастың көңлі қашанда көкте болады...

Дүниенің парқын танитын, көзі ашық, көкірегі ояу жастарымыз көп болса, нұр үстіне нұр болар еді!

Өзенмұнайгаздық жас мамандар ұстанатын принцип: «Шамаң жетсе, уақыттан оза жүр, жетпесе қатар жүр, бірақ еш уақытта заманыңнан қалма»!                       

Салтанатты жиында ЖМК алғашқы төрағасы Асқар Ноғай мен қазіргі төрағасы Бауыржан Бәйімбетов белсенді жастарға бас директор Жәнібек Нұғмановтың Алғыс хаты мен имидждік өнім табыстады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы