Рус

Жаңалықтар

Жыл соңындағы тағы бір қуаныш

Жұмысшыдан жақсы нәтиже талап етпес бұрын, әуелі оның еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу керек. «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы әрдайым осы ұстанымды басшылыққа алады. 2009 жылдан бері үздіксіз жаңаланып келе жатқан компанияның әлеуметтік құрылыс жағдайына пайызбен баға берер болсақ, бүгінде жұмыстың 90% орындалған деуге толық негіз бар.

Осындай игі істердің жалғасы ретінде жыл аяғында бүгін кәсіпорынға қарасты №2 Мұнай-газ өндіру басқармасының №12 мұнай-газ өндіру цехы №40 топтық қондырғысында тұрмыстық-шаруашылық кешен пайдалануға берілді. Ашылу салтанатында әріптестерін құттықтаған басқарма директоры Мереке Құлбеков: «Жарты ғұмырын жұмыста өткізетін мұнайшылар қауымы үшін мұндай құрылыс нысандарының орны ерекше. Жаңа кешен игіліктеріңізге жарасын. Мұнайымыз көп, жұмысымыз өнімді болсын», - деді.

№2 МГӨБ Құрылыс жөніндегі инженері Нұрлан Әділбаевтың айтуынша, 15 орындық кешеннің құрылыс жұмыстарын "Safi Stroy Service" ЖШС жүргізген. Жобалық сметалық құны 28 млн. теңгені құраған нысанның құрылысы тамыз айында басталып, бүгін жұмыскерлер игілігіне беріліп отыр.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы