Рус

Жаңалықтар

Балалар Жаңа жылды тойлады

Мұнайшылар мерекені шаттана қарсы алып, дүбірлетіп өткізетін – қуанышқа құмар халық. Бүгін «Энергетик» спорт кешенінде әріптестеріміздің балдырғандарына арналған жаңа жылдық шырша тойы өтті. Мерекеге аппарат жетекшісі Бауыржан Мамбетсапаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Құрметті балалар! Жаңа жыл құтты болсын. Сабақтарыңды жақсы оқып, болашақта қазақ елінің мықты болуы үшін еңбек етіңдер. Өзгелермен тереземіз тең болуы үшін-білімге аса көңіл бөлу керек! Өздеріңдей алтын сақа балаларымыз аман болсын! Доңыз жылы жақсылығымен, молшылығымен, берекесімен келсін!»-деді аппарат жетекшісі.

Жаңа жылдық мейрамда Нұрмұқан Жантөрин атындағы театрдың әртістері мультфильм кейіпкерлері болып балалармен бірге күлді, биледі, ән салды. Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарды. Аяз ата мен ақшақар балалардың өнерін тамашалап, оларға сыйлық үлестірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы