Рус

Жаңалықтар

Жаңа жыл жақсылығымен келді

Жаңа 2019 жылды мұнайшылар қуанышпен бастады. Бүгін №2 МГӨБ, №9 МГӨК қарасты №43 және №51 топтық қондырғыларда заманауи тұрмыстық-шаруашылық қос кешен салтанатты түрде ашылды.

Осыған дейін ескі мәдени үйшікті пайдаланып келген  аталған топтық қондырғы жұмыскерлерінің қуанышында шек жоқ. Жұмыстан қолың қалт еткенде жылы да көңілге қонымды жерде демалғанға не жетсін?! Мұнайшылар сұранысына толық жауап беретін тұрмыстық-кешендердің құрылысы қазан айында басталып, небәрі екі айдың ішінде салынып біткен. Мұнда ас бөлме, шебердің кабинеті, жұмыскерлердің жуынатын, тынығатын, киім ауыстыратын, ылғал киімдерді кептіретін бөлмелері жасақталған.

№9 мұнай-газ өндіру кәсіпшілігінің цех бастығы міндетін атқарушы Нұрғали Аткелтіровтың айтуынша, жаңадан салынған тұрмыстық кешендер жұмыскерлерге ең алдымен еңбекке қолайлы жағдай туғызуды басты мақсат тұтып отыр.

- Ескі нысанда жағдай бетер жаман болмағанымен, таршылық көріп жататынбыз. Бүгінгі ашылып жатқан жаңа кешен үшін қатты қуанып тұрмыз. Заманға сай, барлық қажеттіліктерімізді ескерген кешен көңілімізден шықты, - дейді 25 жылдан бері мұнай саласында жұмыс жасап жүрген оператор Қатира Далабаева.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы