Рус

Жаңалықтар

13-сәуір күні геологтар өздерінің кәсіби мерекесін Кендірлі демалыс аймағында атап өтті

15 сәуір, 2019

13-сәуір күні геологтар өздерінің кәсіби мерекесін Кендірлі демалыс аймағында атап өтті. Мерекеге  «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев,  Өндіріс жөніндегі басқарушы директор Ермек Қарамұрзаев, компанияның экс-бас геологы Күләш Рақатова, геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі Маңғыстау өңірлік инспекциясы жетекшісі Алмагүл Келбет қатысып, геологтарды құттықтап, сөз сөйледі.

Есен Өтеев  геологтардың еңбегіне ерекше тоқталып, мұнайды іздеп табудың майталмандары геологтар екенін атап көрсетті. «Геолог мамандығы білімді, сабырды, жігер мен ізденісті керек етеді. Дендеріңе саулық, отбастарыңа амандық, жұмыстарыңа табыс тілеймін»-деді бас директор.  

Геологтар пайғамбарымыздың «ертеңге дейін өмірің болса, бүгін бір тал ек»- деген өсиетін орындап, қолдарына бел алып, тал екті. Салауатты өмір салтын ұстанатын олар спорттық сайысқа қатысып, мықтыларды анықтады. Шара соңы фото-сессияға ұласып, мерекелік дастарқан жайылды. Бір топ геологтар марапатталып, өнерпаздар әннен шашу шашты.  

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы