Рус

Жаңалықтар

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

12 айда бір оралып, жан-сарайымызды сұлу сырға, рухани әлемнің шұғылалы нұрына бөлеп кететін қайырлы қонағымыз құтты болсын!Ораза айында 8 жәннаттың есігі ашылып, 7 тозақтың есігі жабылады. Шайтандар тозақта кісенделіп, мойнына шынжыр байланады. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында «Рамазан айына қайсың аман-сау жетсең, ораза ұста!»-деп бұйырады.

-Ораза-көкіректегі ашу-ызаны кетіреді;

-жүректің мінін түзейді;

-кем-кетігін нұрмен толтырады.

Мөлшерден артық ішілген ас жүректі қарайтып, сананың нұрын сөндіреді. Ораза-денеңізді жеңілдетеді. Қан айналуды жақсартады. Теріңізді жасартады. Тұла-бойыңызды ширатады...

Ораза-жүрек кірін тазартатын, рухты нұрландыратын ғибадат. Ораза-әр жақсылығың үшін шаш-етектен сауапқа кенелетін ай. Оразаның мәні-нәпсіні бағындыру. Ораза-Алла Тағаланың рақметі мен берекеті жауған ұлық ай.

«Күніне ораза ұстаушының кемінде бір дұғасы қабыл болады»-деген Алла Тағаланың уәдесі бар! Ендеше, Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан! Тілек-дұғада болайық!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы