Рус

Жаңалықтар

Әріптесіміз жеңіспен оралды

7-мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне байланысты   облыс орталығы Ақтау қаласында үстел теннисінен жарыс болып өтті. Жарысқа қатысушылар  40 жасқа дейінгі жастар және 40 жастан жоғары ардагерлер тобы болып екіге бөлінді. 20 спортшы қатысқан ардагер тобында спорттың осы түрімен мектеп қабырғасынан бері айналысып келе жатқан әріптесіміз Бақтыбек Жақсылықов 1-орынды жеңіп алып, ауылға олжалы оралды. Ол облыс бойынша ардагер-спортшылар арасында өзінің ең мықты екенін дәлелдеп, Өзеннің мәртебесін көтеріп тастады.

«Үстел тенисі-дәлдікті, мергендікті, шапшаңдықты қажет етеді.  Адамның ерік-жігерін тәрбиелейді. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Спортты еріккеннің ермегі деп қарайтын адамдарға жаным ашиды. Спорт-тылсым әлем. Ол адамды қызықтырады, шабыттандырады, алға ұмтылдырады»-дейді жеңімпаз спортшы.

«Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қармайсың»-депті ғұлама-дәрігер Ибн Сина. Жеңімпаз әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, «жеңісті күндер көп болсын»!- деген тілек айтамыз.                  

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы