Рус

Жаңалықтар

МӨҚжТКЖБ ауызашар берді

Күні кеше МӨҚжТКЖБ еңбек ұжымында қасиетті Рамазан айында, ораза ұстаған ұжымдастарға бірінші болып ауызашарға арналып мол дастарқан жайылды. Оразаның сауабын Жаратушы Алла «өзім білем» деп биік бағаласа, ауыз бекіткендерге құрмет көрсетіп, дастархан жайып сауап алу- мұсылмандық сүннет.

Аталған шараға, «қабыл болсын» айтуға компанияның бас директоры Есен Өтеевтің өзі келіп жүрекжарды тілегін жеткізуі- бас директордың қарапайымдылығымен қоса қасиетті айдағы жарасымдылық деп айтар едік. Есен Оғыланұлы өз сөзінде зор жетістікке бірлік пен татулықтың арқасында жететінімізді жеткізді. «Басымыз аман, бауырымыз бүтін Алла қаласа келесі оразаға да аман-есен жете берейік»-деді ол.

Шараны ЖБД маманы Арғын Бисенов жүргізді. Ол Пайғамбар хадистері мен Құран аяттарына сүйене отырып, ораза сауабы туралы әңгіме өрбітті. Қазақтың қоңыр домбырасын қолға алып, көпшілікті аталар жырымен сусындатты. Асқа бата жасардың алдында даяшы-келіндердің қазақтың салты бойынша иіліп сәлем етуі-ауызашарға ажар бере түсті.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы