Рус

Жаңалықтар

Компанияның 4 ай қорытындысы бойынша жиналыс өтті

«Өзенмұнайгаз» АҚ акт залында бас директор Есен Өтеевтің қатысумен 2019-жылдың 4 ай қорытындысы бойынша жиналыс болып өтті. Жиынға бас директордың орынбасарлары, басқарушы директорлар, департамент директорлары мен қызмет жетекшілері, ӨҚБ директорлары, ИТҚ, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде компанияның биылғы 4 ай қорытындысы бойынша өндірістік, әлеуметтік, қаржылық-шаруашылық есебі тыңдалып, алдағы уақыттағы жоспары талқыланды. Сөз алған компания директоры Есен Өтеев 4 ай қорытындысы бойынша еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, тұрақты іс-әрекет комиссия жұмысы, қоршаған ортаны қорғау, мұнай қоры мен мұнай өндіру динамикасы, геолого-техникалық шаралар орындалысы туралы ақпарат беріп өтті.

Бас директор компанияның әрбір жұмыскерін жұмыс істеу барысында еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Компаниядағы әрбір мұнайшы өз міндетін адал, жанашырлықпен атқаратын болса, мұнай жоспары міндетті түрде орындалатынына тоқталып өтті.

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Жасұлан Балуанов компанияның қаржы-экономикалық блок қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында осы уақытқа дейін мемлекет қазынасына пайдалы қазбаларды пайдаланғаны үшін Өзен кенорнының жыл сайын төлеп келген салықтың жеңілдік ретінде биыл қаламыздың инфра-құрылымын жөндеуге, жақсартуға жұмсалатынын мәлімдеді.

Есептік кездесуге қатысқан инженерлік-техникалық құрам қызметкерінен түскен өндіріс  жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар талқыланып, бас директор тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп, хаттамаға түсірілді.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы