Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз АҚ ауызашар ұйымдастырды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы және басқару аппараты кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен «Ақнұр» мейрамханасында ауыз бекіткен аппарат қызметкерлеріне арнап ауызашар берді.

Қасиетті Рамазан айы мейірімнің, кешірімнің, шапағаттың айы. Ораза ұстаушыны құрметтеп, дастархан жаю, үлкен сауапты іс.                                      Аталған шараға компаниямыздың бас директоры Есен Өтеев Оғыланұлы келіп, татулық болған жерде табыс болады деп, бірлікке шақыра отырып әріптестеріне жүрекжарды тілегін жеткізіп, қабыл болсын айтты.Басқарма басшыларыда бірге болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,ел игілігіне жұмыс жасауға шақырысты.

Ардагер-мұнайшы Тыныштық  Базарбаев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Қуандық Бекмағанбетов,№1 МГӨБ учаске басшысы Жеңіс Жарылғапов ағаларымыз өз сөздерінде жастармен қуанатындарын, білімді ұрпақпен  ел болашағы биік екенін, Қазақтың заманы келгенін айтып, жастардың үмітін оята отырып, асқайырып ақ батасын берсе,соңынан барлық келушілердің ата-бабаларына құран оқылып бағышталды

        

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы