Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ жеңімпаз атанды

Мамыр айының 18-жұлдызында  Қазақ мұнайының 120 жылдығына және Жастар жылына байланысты  Маңғыстау облысы мұнай-газ саласы Жас мамандар кеңесі арасындағы IV «Ойдода» зияткерлік  турнирі болып өтті. Ойынға өңкей білгірлерден құралған 8 команда қатысып, білім мен білік жарыстырды. Нәтижесінде  логикалық сұрақтарға жауап беріп, көп ұпай жинаған өзенмұнайгаздық зерек  команда бас жүлдеге ие болды. Оқығанның аты-оқыған-ау! Өзенмұнайгаздықтар есесін логикадан жібермеді.

«Бұрғылау»,  «СӨТБ»,  «ҚазГӨЗ», «ТМС», «ТКжҰҰКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден құралған топ жүлделі 1-орынды жеңіп алды. «ОКК», «ОТК», «МЭМ», «Теңіз Сервис» еңбек ұжымдарынан құралған «АНС» командасы 2-орынды қанжығаларына байлады. «ӨМС» мекемесі 3-орынды қанағат тұтты. «ОСК», «ҚБМ» мен бірге тұңғыш рет қатысқан «ҚазҒЗТИ», «Каспий битум» жауапкершілігі шектеулі серіктестері ынталандыру сыйлығын місе тұтты.

Жастар жылында-Жас мамандар арасында ұйымдастырылған білімділікті, ақылдылықты, тапқырлықты анықтайтын  бұл шараның тәрбиелік мәні зор екені сөзсіз.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы