Рус

Жаңалықтар

Шағын футболдан турнир басталды

Қазақстан мұнайы 120 жылдығы мен  Өзен кенорны 55 жылдығы мерекесіне байланысты Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру кешенінде «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен компания жұмысшылары балаларының арасында шағын футболдан мектепаралық турнир басталды.  

«Футбол-ғаламдағы ең көрермені көп спорт. Футбол-өте қызық ойын. Футбол ойнамаған бала жоқ шығар. Біз де бала болып, футбол ойнап өстік. Кез-келген футболшы өзінің қас-қабағымен, жылдам да, шалт қимылымен қарсыласын жасытатындай өжет, қайсар болуы керек»-деді бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров.

Өздеріне спорттық мереке сыйлаған өзенмұнайгаздық ағаларға балалар дән риза болды. Футболшыларға компания спорттық костюм сыйлады. Мақсат Ибағаров бастаған бір топ азаматтар футболшылар мен жанкүйерлерге біресе күйініш, біресе сүйініш сыйлап, қақпада шортан балықтай тулап жататын былғары допты теуіп, бір-біріне пас тастау арқылы спорт мерекесінің символикалық ашу рәсіміне қатысты. Турнир жеңімпаздары ертең марапатталатын болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы