Рус

Жаңалықтар

Басқарма төрағасы Өзен кенорнына іс-сапармен келді

30 мамыр, 2019

28-мамыр күні  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы  Алик Айдарбаев  жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына келді. Басқарма  төрағасы іс-сапары барысында  өндіріс аймақта  салынып  жатқан  нысандарды  аралап, жұмыс жағдайымен танысып өтті. Алдымен  №1 Скажиналарға қызмет көрсету басқармасына барып, жаңадан бой көтеріп жатқан әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Басқарма төрағасы өзенмұнайгаздық мұнайшылардың әлеуметтік жағдайы мен өндірістегі еңбек жағдайымен танысты. «Біздің бәріміздің мақсатымыз ортақ. Ол-бірлесіп, күш жұмылдыра отырып, белгіленген мұнай өндіру жоспарын абыроймен орындау. Ауызбіршілік, ынтымақ, татулық бар жерде береке болады. Күш біріктірсек, алынбайтын қамал жоқ»- деді Алик Айдарбаев.

Содан кейін Алик Айдарбаев бастаған делегация Мұнай дайындау және өндіріске қызмет көрсету басқармасына барды. Мұнда көлемі 20 мыңдық  Су тұндыру қазандығының құрылысын көрді. Басқарма төрағасы Қазақ газ өңдеу зауытына соғып, серіктестік тыныс-тіршілігімен танысты.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы