Рус

Жаңалықтар

Еңбек ұжымымен кездесу

03 маусым, 2019

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры, аумақтық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Есен Өтеев пен бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Мақсат Ибағаров АжТБ, ХжЭБ еңбек ұжымымен кездесіп, үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянын кеңінен айтып өтіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Компания басшылары мұнайшыларды ел болашағын, ертеңін, ұрпақ келешегін айқындайтын, көшбасшыны анықтайтын кезектен тыс Қазақстан Республикасының президент сайлауына бірауыздан атсалысуға шақырды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы