Рус

Жаңалықтар

Балалардың алғашқы кезеңі «Айналайынға» аттанды

04 маусым, 2019

Күні кеше (3-мамырда) өзенмұнайгаздық мұнайшылардың 233 баласынан құралған алғашқы кезеңі Алматы қаласындағы «Айналайын» лагеріне аттанды. «Өзенмұнайгаз» АҚ, ӘӘД аға маманы Гүлзия Тайжанова, №4 МГӨБ әлеуметтік сұрақтар жөніндегі маманы Мәншүк Көшербаева 6 автобус балаға жетекшілік етіп, аман-есен Ақтау әуежайына шығарып салып, ұшаққа мінгізіп жіберді. Қалалық білім бөлімінен балалар лагеріне арнайы тәрбиеші-мамандар алынды. Әрбір кезеңге 14 күн бойы балалар қауіпсіздігін қадағалау үшін  жауапты тұлға ретінде 2 тәрбиеші-маман тағайындалып отыр.

Аллаға шүкір, балалар мінген ұшақ жеңіл ұшып, Алматы әуежайына жайлы қонды.«Балалық шағың-патшалық тағың»-деп бекер айтпаған...Республикамызға танымал балалар лагері «Айналайынға» 14 күн демалатын балаларымыз шынығып, өсіп, есейіп, ширап келетін болады. Оларға қызықты да пайдалы демалыс тілейміз. Аман жүрсін!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы