Рус

Жаңалықтар

«Ақбөбекке» алғашқы кезең жол тартты

06 маусым, 2019

Экологиялық таза әрі қауіпсіз аймақ болып есептелетін Кендірлі жағажайында орналасқан «Ақбөбек» балалар лагері өз жұмысын бастады. Аталған лагерьге мұнайшылардың 212 баласынан тұратын алғашқы кезең   жол тартты. Олар кондиционерлері бар автобустарға мінгізіліп, қауіпсіздік белдіктерін тағып, жол полициясының жетекшілігімен тиісті орынға жеткізіліліп, дер кезінде орналастырылды.

 «Ақбөбек» лагерінде балалардың демалысының қызықты өтуі үшін салынып жатқан аквапарк осы маусымда пайдалануға беріледі. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»-деп әндеткен балалар лагерьде қуанышқа бөленіп, шаттыққа кенеледі, дос табады, неше түрлі қызықты іс-шараларға қатысады.

Бүгінгі бала-ертеңгі ел қорғаны, елдің тұтқасын ұстар азамат, ел болашағы. Балаларымызға сәтті демалыс тілейміз!

Қажетті деп тапқан ата-аналарымыз akbobek­_bba инстаграм парақшасына кіріп, балаларының «Ақбөбектегі» демалысын қадағалай алатын болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы