Рус

Жаңалықтар

Бала - біздің болашағымыз

Демалыстың көркі-лагерь. Лагерьде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Олар мәдени орындарға саяхат жасайды. Танымдық және рухани білімін толықтырады. «Бала-біздің болашағымыз»-принципін ұстанатын «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнайшы балаларының жазғы демалысын ойдағыдай ұйымдастырып отыр.

10-маусым күні Алматы қаласында орналасқан «Ақбұлақ» лагеріне 115 бала, «Арман Дала» лагеріне 117 бала жақсы көңіл-күйде жол тартты. Тәрбиешілер балалар демалысының көңілді, қызықты, мағыналы өтуі үшін бар күшін салады. Лагерьде балалар түрлі ойындар ойнап, қызықты кештерге қатысады. Кітап әлеміне, ертегілер еліне саяхат жасайды.

Лагерьдегі әр күннің өз қызығы, ұмытылмас сәті мол болмақ!  Балалар жазғы демалысының жақсы өтуіне атсалысып жүрген әлеуметтік әкімшілік сала мамандары мен кәсіподақ төрағаларына Алланың нұры жаусын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы