Рус

Жаңалықтар

«Үздік маман» кәсіби-шеберлік байқауының ІІ туры басталды

«Өзенмұнайгаз» АҚ басқармалар арасында «Үздік маман» кәсіби-шеберлік байқауының ІІ туры басталды. Байқау мұнайшылардың біліктілігін, өз кәсібінің қаншалықты маманы екенін сынау арқылы оларды іскерлікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен, мақтанышпен қарауға баулиды.  

Мамандықтарын жүрек қалауымен таңдаған кәсіп иелері үшін еңбек өмірдегі мәні мен қажеттілігіне айналып отыр.

«Мамандардың кәсіби-шеберлігін шыңдап, жігерін жанитын байқау мамандардың білімі мен біліктілігін арттырады!»-деді Персоналды басқару және дамыту департаменті маманы Мәлика Еламанова.

Жұмысшылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілік деңгейін көтеріп, еңбекке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ көлемінде өтетін дүбірлі додаға жолдама алатын болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы