Рус

Жаңалықтар

Бас директор мұнайшыларды Арыс халқына қолдау көрсетуге шақырды

25 маусым, 2019

24-маусым күні Арыс қаласында төтенше жағдайдың орын алуына байланысты «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев кезектен тыс жиналыс өткізді. Жиналысқа  Жиналысқа компания басшылығы және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес мекемелері «ӨМС», «ҚазГӨЗ», «КҚС» , «СӨТБ», "KMG EP-Cаtering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылары қатысты.

Сөз алған Есен Өтеев қалыптасқан жағдай туралы хабарлама жасап, әріптестерін  төтенше жағдайдан зардап шеккендерге өз еркімен көмектесуге шақырды. «Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға халық болып атсалысу-баршамыздың азаматтық борышымыз»-деді бас директор.Мұнайшылар елдігіміз бен бірлігіміз сыналатын осындай сын сағатта Арыс халқына барынша қолдау көрсетпек. Компания еңбек ұжымынан жиналған гуманитарлық көмек арнайы шотқа аударылатын болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы