Рус

Жаңалықтар

Компания басшылығы жергілікті телеарна журналистерін құттықтады

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, аппарат жетекші Бауыржан Мамбетсапаев, Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай, маманы Арғын Бисенов жергілікті телеарна ғимаратына бас сұғып, оларды «28-маусым-БАҚ қызметкерлері күнімен» құттықтап, имидждік сыйлық тапсырды.

«Жаңаөзен қаласы тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсетуде сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Компанияның әрбір жетістігі сіздердің назарларыңыздан тыс қалған емес»-деді аппарат жетекшісі.

БАҚ-жаңалық жаршысы. Журналистика-ежелгі мамандық. Ол сан ғасырлар бойы мемлекет пен халықтың игілігіне қызмет етіп келеді. Болашақта да қызмет ете беретін болады. Адамға ауа қандай керек болса, телеарна да сондай керек. Ел тілегіне үндесер маңызды іс жасап жүрген журналистердің жұмыстары табысты болсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы