Рус

Жаңалықтар

Әріптесіміз күміс жүлдегері атанды

Бақтыбек Жақсылықов №1 МГӨБ дәнекерлеушісі, спортты серік қылған, салауатты өмір салтын ұстанған жан. Үстел теннисінен болған  облыстық сайыстан 1-орын алып, республикалық жарысқа жолдама алған болатын. Аталған жарыс Ақтау қаласында 20-23 маусым аралығында республикалық және халықаралық  деңгейде  өтті.

«Ресейдің Орынбор қаласынан, Өзбекстаннан, Алматы, Шымкент,Орал, Ақтөбе, Атыраудан келген небір  мықты спортшылар қатысқан бұл сайыс ерекше әсерлі, шеберлік шыңдайтын үлкен дода болды»- деді күміс жүлдегер, әріптесіміз Бақтыбек. 40-49 жас аралығында болған жарысқа, 95 адам қатысып, солардың арасынан 2-орын алып, күміс жүлде алу-үлкен жетістік екені сөзсіз.  

«Үстел теннисінің қандай ерекшелігі бар?» , «Спорттың осы түрімен қай кезден бастап айналыстыңыз?», «Балаңыздың үстел теннисіне деген қызығушылығы бар ма?»- деген сұрағымызға, жеңімпаз Жақсылықов «үстел теннисі-ептілікті, дәлдікті, жылдамдықты қажет етеді. Бұл спортпен мектепте жүргенде достастым. Баламды да осы спортқа баулып жүрмін. Жамбыл Атаниязов деген жаттықтырушысы бар»-деп жауап берді.Қазақтың «Әкеге  қарап ұл өсер» дегені осы. Чемпионнан чемпионның тууы-заңдылық. Бақтыбекке  «ұлыңыз өзіңізден оза шауып, олимпиада чемпионы болып, көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымызды асқақтата берсін»-  деп тілек айтамыз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы