Рус

Жаңалықтар

Темір баба

Шілде айының 12-жұлдызынан бастап Темір Баба әулие қорымында күрделі жөндеу жұмысы басталып кетті . «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен қасиетті қауымның ескі қоршаулары жаңартылып, асхана  есігі ауыстырылып, қазандықтар қайта қаланып, мешіт пен қонақ үй әктеліп, сырланып, жаңа линолеумдер төселінді. Айналасы  күл-қоқыстан, қалдық тастардан тазартылды.Отын жинайтын сарай бұзылып, компания атынан су жаңа вагон тарту етілді.  

Алла тағала «менің достарымды дос тұт» десе, жаратушының жердегі достары әулиелерге зияраттау- сауапты іс, келушілерге жағдай жасау-игіліктің үлкені  болмақ. Темір Баба шырақшысы Қашқынбай «жақында облыс және қала әкімі С.Трұмов пен Ә.Дауылбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Е Өтеев келіп, жағдайды көзбен көріп кеткен болатын.

Нәтижесінде, ел азаматтарының арқасында киелі орында  күрделі жұмыс  жүріп жатыр. Жұмысқа қомпаниядан бірнеше арнайы техникалар мен дәнекерлеуші мамандар бөлінді. Алла қаласа, игілікті іс жуырда аяқталмақ. Жыл сайын көмек қолын созатын басшы бауырларыма көпшілік атынан шексіз алғысымды білдіремін»-деді.

ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІ

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы